Солтүстік Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырғандар үш ай бойы тіркелген жоқ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5 есе аз. Былтыр осы уақттс 317 науқас болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеті ай ішінде облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 49 жағдайы анықталған. Науқастардың ішінде 42 адам-ересек, үшеуі-15-17 жас аралығындағы жасөспірім және төртеуі — 14 жасқа дейінгі бала.
«Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылды. Соңғы үш айда — мамыр, маусым, шілде-ауру жағдайлары тіркелген жоқ.Аурулардың алдын алу үшін үй — жайларды үнемі желдетіп отыру, қолды өңдеу үшін антисептикалық құралдарды қолдану, науқас адамдармен байланысын шектеу, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде маскаларды қолдану, уақтылы медициналық көмекке жүгіну ұсынылады», — деп түсіндірді департамент басшысының орынбасары Арман Көшбасов.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 16 тамызында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы жаңа қаулыға қол қойды. Онда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жазылған.
Тағы оқыңыз:СҚО-да құрылысшылар мемлекеттік наградаларға ие болды