СҚО-да соңғы бес жылда ауданы бір жарым млн шаршы метр көппәтерлі баспана қолданысқа берілді. Осының арқасында 80 мың жерлесіміз үйді болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облысымыз жыл сайын қарқынды дамып келеді. Әсіресе ауыл шаруашылығын айтпай кетпесек болмайды. 30 жылдың ішінде өңірде 42 заманауи сүт-тауар фермасы салынды. Қазіргі таңда Қызылжар ауданында Орта Азиядағы ең үлкен нысан тұрғызылып жатыр. Солтүстік Қазақстанның саладағы тәжірибесін өзге аймақтар қолдануда.
Облыста 900 млрд теңгенің 52 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта осының арқасында жеті жарым мың теріскейлік жұмыспен қамтылады.Облыста соңғы бес жылда ауданы бір жарым млн шаршы метр көппәтерлі баспана қолданысқа берілді. Осының арқасында 80 мың жерлесіміз үйді болды.
Өңірдегі 502 ауыл таза ауыз сумен қамтылған. Үш мың шақырым автожол жөндеу көрді. 50-ге жуық медициналық мекеме салынды.
Соңғы жылдары облыста жеті мектеп ашылды. 215-і күрделі жөндеу көрді. Тағы осынша спорттық нысан тұрғызылды.
Тағы оқыңыз: Солтүстікте қыркүйек айы салқын болады