СҚО-да сотталған азамат 700 мың теңге көлемінде грант ұтып алды. Ол «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында оқудан өтіп, өзінің кәсібін ашты, деп жазады Qazaqstan Media.

Уәлиханов ауданының тұрғыны пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы қолданылыпты. Сотталған азамат жас кәсіпкерлерге, жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік беретін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен. Курстарды сәтті аяқтағаннан кейін оған сертификат берілді. Есепте тұрған тұрғынға 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында өзінің бизнесін бастау үшін 700 мың теңге грант берілді. Алынған ақшаға сотталған адам «Іске сәтті Нұрсұлтан» ЖК ашты. Ол қоршаулар, шпростар мен беседкаларды дәнекерлеумен айналысатын болады. Сонымен қатар ол технологиялық жабдықты дәнекерлеу машинасы, тегістеуіш, бұрғылау машинасы және басқа да керекті жабдықтар сатып алды.

 

«Мен 10 жыл бойы металл дәнекерлеумен айналыстым, сондықтан бұл қызметте үлкен тәжірибем бар деп айтуға болады. Грантты жеңіп алғаннан кейін мен жеке кәсіпкерлікті ашып, өзіме жұмыс істеуді шештім. 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеуге сотталдым. Болашақта кәсіпкерлікті дамытуды көздеймін. Уақытты босқа өткізбеуді жөн деп таптым», — деді сотталған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда балаларға қарсы қылмыс саны артты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *