СҚО-да шілде айы жаңбырлы болады

Солтүстік Қазақстанда жаздың екінші айында ауа температурасы нормаға сәйкес болғанымен,  жауын-шашын көп түседі. Бұл туралы облыстық Қазгидромет мамандары хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алғашқы онкүндіктің басында облыста жел тұрып, жаңбыр жауады.  Ауа температурасы +21 градус пен +31 градус арасында болмақ. Әсіресе, өңірдің шығысы мен оңтүстігінде екпінді жел тұрып, найзағай ойнап, жауын-шашын түседі. Онкүндіктің соңына таман қарай ғана күн райы дұрысталады.  

«Екінші онкүндіктің басында түнде термометр көрсеткіші 15, 20 градусқа дейін көтерілсе, күндіз +32 ыстық болады. Кейін ыстықтың беті қайтып, ауа темпертаруасы +22 градус болмақ. Бірақ, айдың соңында өңірге ыстық күндер оралады», — дейді  «Қазгидромет» СҚОФ директорының орынбасары Наталья Левина.

Шілде айы жаңбырлы болады. Тіпті айдың ортасында бұршақ түсуі де ықтимал.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полиция госпиталінің бастығы парамен ұсталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x