Солтүстік Қазақстанда есірткі таратты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды. Ол Астанадан Петропавлға «қара бизнеспен» айналысу үшін келген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 24 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Ол есірткі өткізді деген күдікке ілігіп отыр. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 21,7 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерлерден ішінде салмағы 3,2 грамм болатын екі түйіншек табылды. Сараптама олардың мефедрон және α-PvP синтетикалық есірткілері екенін көрсетті.
Жігіт Астанадағы аспаздық жұмысын тастап, есірткі сатумен айналысу үшін Петропавлға келген. Тәртіп сақшылары оны қалаға келгеннен кейін 11 күн өткен соң қолға түсірді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бір гектар жерде құрғақ шөп өртенді