СҚО-да шенеуніктер қызмкеткерлерге төленетін үстемеақыларды заңсыз ұстап қалып отырған

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын тексерді. Нәтижесінде қызметкерлердің жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстап қалудың фактілері анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мұндай жағдай Айыртау ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тіркелген. Лауазымды тұлғалар еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы әрекет етіп, 28 қызметкердің ынталандырушы үстемеақыларын өтеу есебінен 1,3 млн теңге мөлшерінде жалақы ұстап қалған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, заңсыз ұсталған сомалар төленді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде орталықтың 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды. Еңбек құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: СҚО аумағында түнде үсік жүреді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *