СҚО-да шаруалар егін жинауға кірісті

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны басталды. Қазіргі таңда аграрийлер 80 мың гектар алқаптағы астықты бастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап. 

Жауынның апталап жауғаны шаруаларға қол байлау болып отыр. Олар жаппай егін жинау науқанына кірісе алар емес. Сондықтан диқандар әр ашық күнді тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Бүгінгі таңда облыста 80 мың гектар алқаптағы бидай бастырылған. Орташа шығымдылық гектарына 16 центнерден асады. Биыл солтүстік аграрийлері  шамамен 4,5 миллион гектар жерден  өнім жинауы керек. Оның үш миллионнан  астам гектарына дәнді және бұршақты дақылдар егілді. Биыл шаруалар майлы дақылдарды  700 гектар жерге еккен болатын.  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев, өңірдегі барлық астық қоймалары жаңа бидайды қабылдауға дайын деп отыр.  

«Жаңа өнімді  қабылдауға барлық элеваторлар 100% дайын. Бұл 46 элеватор. Сыйымдылығы 3,2 миллион тонна. Сондай-ақ фермерлерде сыйымдылығы 3,7 млн тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар. Барлығы тиісті дайындық жұмыстарын жүргізді. Бүгінде олар 100% дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарына шамамен 7,4 мың техника қатысатын болады», — дейді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желінің көмегі: СҚО-да балық шаруашылығы инспекциясы заңсыз рейдтер жүргізген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x