Жезқазған-Петропавл тас жолында болған жол апатында үш адам түрлі дене жарақатын алды. Бір науқастың жағдайы ауыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Тас жолдағы жол-көлік оқиғасы тамыздың 12-і күні болған. Есіл ауданы Явленка ауылы маңында Audi 80 маркалы машина аударылған. Көлік ішінде жүргізуден бөлек, екі жолаушы болыпты. Қазіргі кезде үшеуі де ауруханада жатыр. Екі науқас Есіл аудандық ауруханасында хирургия бөлімінде ем қабылдауда. Түрлі дене жарақатын алған, сынық бар. Жағдайларын дәрігерлер «орташа» деп бағалауда. Ал үшінші науқас облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліпті. Оның басына қатты зақым келген, жағдайы ауыр.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша процесуалдық шешім шығаратын боламыз»,-дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Жол апатынан зардап шеккен азаматтардың екеуі 2001 жылы, біреуі 1999 жылы туған.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда отын дайындау науқаны жүріп жатыр