СҚО-да Республика күніне орай түрлі концерттік шаралар өтпек. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған әлеуметтік нысандар ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстікте Республика күніне орай түрлі әлеуметтік нысан ашылады. Мәселен, Аққайың ауданындағы Дайындық ауылында 300 орынға шақталған мәдениет үйі, 40 орындық мәдени-сауықтыру кешені мен бөбекжайдың таспасы қиылады. Игі істердің барлығы жергілікті кәсіпкер Біржан Шаймерденовтің қолдауымен жүзеге асты.

Шал ақын ауданында супермаркет тұрғындарға есігін айқара ашады. Сонымен қатар, Петропавлда зауыт іске қосылады.  Атаулы датаға орай Айыртау ауданында құрғақ саумал өндіретін кәсіпорын қолданысқа беріледі.

Бұл – инвестициялық жоба. Құны – 3,2 млрд теңге. Игі бастаманы қостанайлық компания жүзеге асыруда. Кәсіпорын басшылығы құйылған қаржының тең жартысын республикалық ӘКК-ден алған.

Нысан 400 басқа шақталған. Бастапқы кезеңде мұнда 200 үйретілген сауын биесі әкелінеді. Игі бастаманың арқасында 16 адам жұмыспен қамтылады.

Республика күніне орай Петропавлда 24-қазанда көрме қанат жайып, қазақ сазды-драма театрында рух көтеретін концерт ұйымдастырылады. Сонымен қатар, дәл мереке күнінде шаһардың орталық алаңында көк туымыз көкке көтеріледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да басымдық берілетін спорт түрлері анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *