Солтүстік Қазақстандық полицейлер 21 жастағы тайыншалық жігітке қасқана жарақат салу фактісі бойынша істі қарап жатыр. Оқиға Тайынша ауданында 18-ші қараша күні тіркелген, деп жазады Qazaqstan Media.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары күдікті ретінде 20 жастағы ауыл азаматын ұстады. Екі жігіт-бір ауылдың тұрғындары. Олар бірге арақ ішіп, отырыс соңы жанжалға ұласады. Сол кезде күдікті бөтелкелесіне пышақ сұғып алған.
«Жарақат алған жігіт аудандық ауруханада жатыр. Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Істің толық мән-жайы нақтыланып жатыр»,-деді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Дәрігерлер болса, пышақталған азаматтың өмірі үшін күресуде. Оның ішкі құрылысы үлкен зақым келген. Қазір жағдайы ауыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да өрттің салдарынан көз жұмған жандардың жартысына жуығы масаң күйде болған

