Петропавлдағы «Горгаз-сервис» ЖШС облыста пропан шығаратын зауыт салмақшы. Бұл жоба туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорынға барған кезде айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Горгаз-сервис» ЖШС-і қаладағы 758 көпқабатты үйді көгілдір отынмен қамтып отыр. Бұл — 56 мың абонент. Өткен аптада болған қатты аязда олардың кейбірі газсыз қалған болатын. Қазір жағдай реттелді.
“Жауапты мемлекеттік органдарға бұл мәселені бақылауда ұстап, жағдайдың қайталануына жол бермеуді тапсырдым», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Газбен жабдықтаушы компанияда пропан шығаратын шағын зауыт салу жобасы да бар. Бұл облысты өзімізде өндірілген пропанмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыс әкімі өңір үшін маңызды жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Тәуелсіздік стелласына гүл шоқтары қойылды