Петропавлда кезекті өрт оқиғасы орын алды. Тәртіп сақшылары қалың түтіннің арасында қалып қойған тұрғындарды құтқарды, деп хабарлайды Qazaqstan media.
Келеңсіз оқиға Назарбаев пен Шәжімбаев көшелерінің қиылысындағы үйлердің бірінде орын алды. Мас адамды медициналық тексеріске әкетіп бара жатқан қалалық ПБ қызметкерлері өртті байқап қалады. Мамандар бірден әрекетке көшті.
Тұрғындардың көбі пәтерден шығып үлгерген. Қалып қойғандарын эвакуциялауға тура келді. Газдан уланбай үшін тұрғындар бетін дымқыл шүберекпен жабуға мәжбүр болды. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше дейін тәртіп сақшылары адамдарды нысаннае шығарып үлгерді.
Қуанышқа қарай, қызыл жалын бірден ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Тағы оқыңыз: Ақжар ауданы әкімі: мемлекеттік қызметке ешкім келгісі келмейді