СҚО-да Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешенің құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстанда 8 мың бас қара малға шақталған Орталық Азиядағы ең үлкен сүт кешенің құрылысы басталды. Жаңадан  салынып жатқан нысанның құны 9 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоспар бойынша нысан 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Сүт кешені Қызылжар ауданы Новоникольское ауылынына жақын маңда салынып жатыр. Негізін қалаушы — Геннадий Зенченко.

«8 мың басқа арналған сүт фермасының құрылысы басталды. Бұл еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен ферма болмақ. Ферма 7 кешеннен тұрады, тек біреуінде 1,3 мың басқа дейін болады. «Карусель» сауын қондырғысының өнімділігі сағатына 700 басқа жетпек», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз:Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер салынып жатқан үйлердің сапасын көрді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x