СҚО-да алғаш рет орман өртінен қорғауға арналған арнайы өрт сөндіру кешендері сатып алынды. Бұл саланың дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз, деп хабарлайды Qazaqtan Media.
Биыл өңірдегі орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы шамамен 4 миллиард теңгеге жаңартылды.
Жұмыс тиімділігін арттыру және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында облыста алғаш рет 27 шағын орман өрт сөндіру кешені сатып алынды. Сонымен қатар, материалдық-техникалық база едәуір нығайтылды.
Дәлірек айтсақ, 29 өрт сөндіру көлігі, 51 дөңгелекті трактор, 19 дрон, 180 үрлегіш құрылғы және 60 мотоцикл сатып алынды.
«Өңірде орманды қорғау, сақтау және қалпына келтіру жұмыстарын 12 орман шаруашылығы атқарып отыр. Олардың қарамағында 550 мың гектар орман қоры бар.Техниканың жаңартылуы орман қызметтерінің өрт қаупі жоғары маусымға дайындығын арттырып, жұмыс тиімділігін жеделдетеді.»,- деді өңір басшысы
Тағы оқыңыз: СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты сурет байқауының қорытындысы жарияланды

