Мағжан Жұмабаев ауданының Совет ауылында қайғылы оқиға орын алды. Шаруашылық құрылыстардың бірінен 23 жастағы жігіттің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алдын ала ақпарат бойынша, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.
Ауылдастарының айтуынша, жігіт ішімдік ішпеген. Тыныш, еңбекқор, тәрбиелі болатын. Өлер алдында бейнежазба қалдырғаны белгілі.
Онда отбасымен қоштасып, ешкімді кінәламауды өтінді. «Өз еркімен шешім қабылдадым — несиелерден шаршадым», — деген.
Тағы оқыңыз: Биыл Солтүстік Қазақстан облысына — 90 жыл

