Муковисцидоз — бұл өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің, экзокринді бездердің зақымдануымен сипатталатын, тұқым қуалайтын қауіпті аурулардың бірі. СҚО- да бұндай дертпен алты бала ауырады. Алайда, олар тиісті емдеу терапиясынан өте алмай жүр екен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Еліміздің бас дәрігеріне муковисцидоз аурумен ауыратын балалардың ата-аналары жүгінді. Олардың сөзінше, науқас балалары жыл сайын арнайы терапиядан өтулері керек. Ал бұл ем-дом шарасына жылына 125 млн теңгеге жуық қаражат кетеді екен.
«2012 жылы бүкіл елде муковисцидоз ауруымен ауыратын балалар таргетті терапия ала бастады. Елімізде бұл ауруға шалдыққан 50 балаға «Қазақстан халқына» қоры есебінен қажетті ем-дом жүргізіледі. Ал менің баламның олардан несімен кем? Бұл аурумен ауыратын балаларға қайырымдылық қорларын қоспағанда елімізден қандай көмек көрсетіледі? Қаражат бөлінеді ма?», — деді қала тұрғыны Валерия Кудрявцева.
Ақмарал Әлназароваға жүгінген тұрғындардың сөзінше, терапияның балалардың денсаулығына тигізетін пайдасы зор.
«Бұл түрлі халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып емделетін ауру. Муковисцидоз ауруымен ауыратын науқастарға берілетін дәрілер, денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған комиссия мүшелерінің рұқсатымен, олардың бақылаумен ғана беріледі. Және елімізде бөлінген қаражатты тиімді пайдалануымыз өте маңызды. Бұл дәрілер, ем-домдар кімге беріледі, кімге көрсетілетінін арнайы комиссия мүшелері шешеді. Ал сіздің балаңызға қатысты мәселені біз жауапты мамандармен қарастырып көретін боламыз», — деді ҚР денсаулық сақтау министрі.
Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің сөзінше, бұл балалар арнайы боктарда емделеді. Ал оларға ауруханасында арнайы төсектер қарастырылған.
Тағы оқыңыз:СҚО дәрігерлері өкпе онкологиясына шалдыққан науқасты ауруханаға жатқызбаған