Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет саласында 3 768 адам жұмыс істейді. Бұл — 4 123 штаттық бірліктен 355-ке аз, яғни кадр жетіспеушілігі айқын сезіледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыста 474 мемлекеттік орган жұмыс істейді.  Олардың басым бөлігі — 362-сі жергілікті деңгейдегі мекемелер.  Орташа есеппен қызметшілердің жасы – 41, ал еңбек өтілі — 12 жылдан жоғары.

«Жастардың үлесі айтарлықтай: жергілікті атқарушы органдарда 30 %, аумақтық органдарда — 20 %. Қызметкерлердің басым бөлігі кәсіби тәжірибесі мол мамандар болып табылады. Мысалы, 1 816 адам ЖАО, 981 адам МАО-де үш жылдан астам жұмыс істеген»,- деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері департаменті.

Кадрлардың ауысу деңгейі — 3 %. Басшылыққа тағайындау кезінде меритократия қағидаты 70 %-дан жоғары деңгейде сақталып отыр.

Айта кетерлік жайт — облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 64 %-ын әйелдер құрайды. Сот саласында бұл көрсеткіш — 72 %, ал құқық қорғау жүйесінде — небәрі 15 %. Екі әйел аудан әкімі болса, 32-сі ауылдық округ әкімдігін басқарады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам қоқыс үйіндісі жойылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *