Солтүстік Қазақстан полицейлері мас күйде трактор мінген екі тұрғынды ұстады. 38 және 27 жастағы құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Тимирязев ауданында полицейлер тексеру үшін екі «BUHLER» тракторын тоқтатады. Жүргізушілерден спирттік ішімдіктің иісі шыққан. Медициналық куәландыру олардың алкогольдік мас күйде екенін көрсетіпті. 38 және 27 жастағы ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«19 сәуірден бастап полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Төрт күн ішінде тәртіп сақшылары 25 мас жүргізушіні ұстады. Тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады»,-дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қыз зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *