Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Ақжар ауданына қарасты Восходское ауылында әйел мас күйінде ер адаммен сөзге келіп, оны пышақтаған. Нәтижесінде зардап шеккен азамат көз жұмды, деп жазады Qazaqstabn Media.
Қылмыстық іске қатысты сот үкімі шыққаны туралы облыстық прокуратура хабарлады. Оқиға Халықаралық әйелдер күні мерекесінде орын алған. Сегізінші наурыз күні Восходское ауылының тұрғыны ер адаммен жанжалдасады. Мас болған келіншек ұрыс барысында ер адамға ас үй пышағын кеуде тұсына сұғып алған. Салдарынан еркек көз жұмды.
Қылмыстық іс Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Кісі өлімімен аяқталған іс алқабилердің қатысуымен қаралды. 2025 жылғы бірінші шілдеде соты әйелге қатысты үкімді шығарды. Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді. Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі