Солтүстік Қазақстан облысында «Мамлютка — Қостанай» автожолын жөндеу жұмыстары аяқталды. Маңызды іске 7,5 млрд теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media  «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Маңызды транзиттік дәліз Қазақстанның үш облысын байланыстырып, Ресей аумағына шығуды қамтамасыз етеді. Орташа жөндеу жұмыстары аясында трассаның 64 шақырымы жаңартылып, жарықтандыру орнатылды. Автожол толықтай пайдалануға берілді.

Жобаның құны 7,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы, биыл өңірдің жол инфрақұрылымы едәуір жаңартылып, шамамен 1 100 шақырым автожол жөнделді. Бұл мақсатқа бюджеттен шамамен 40 миллиард теңге бөлінді.

«Жөндеу жұмыстары аясында жол негізін қайта өңдеу және екі қабатты асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жолдың инженерлік-техникалық элементтері жаңартылды», — «ҚазАвтоЖол» ҰҚ СҚО бойынша филиалының директоры Талғат Назымбеков

Тағы оқыңыз: 30 рет пышақтаған: СҚО-да танысын аса қатыгездікпен өлтірген әйел 14 жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *