CҚО-да көршілеріне боғауыз сөздер айтқан мемлекеттік қызметкер жазаланды

Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызметкер көршілеріне бейәдеп сөздер айтқан. Басы дауға қалған Нұрлан Бүркіталинге бүгін қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешені СҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Бүркіталиннің ісі қаралды. Ол биыл мамыр айында көршілеріне бейәдеп сөздер айтқан. Ал петропавлдықтар қарап отырмай мемлекеттік қызметкердің үстінен арыз түсірген.

«Материалдарға сәйкес Нұрлан Бүркіталиннің әрекеті мемлекеттік этиканы бұзу болып саналады. Ол барлығына ортақ үй чатында көршілеріне былапыт сөздер айтып, әдепсіз жауап берген. Қызметтік тексеру барысында Сатыбалдина мен Бүркіталиннен түсініктеме алынды. Арызданушы дәлел ретінде WhatsApp-тағы жазбаның суретін көрсетті», — деді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Алайда Нұрлан Бүркіталин тағылған айыппен келіспейді. Өйткені, сот шешімімен оның іс әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық тіркелмеген. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің пікірінше департамент тәртіптік істі қайта қараудан бас тартуы тиіс еді.

«Менің ойымша жауапты органдар  бұл істі негізсіз қарады. Мен еш себепсіз тергелдім», — дейді Нұрлан Бүркіталин.

Осыған қарамастан әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оған қатаң сөгіс жариялау туралы шешім шығарды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x