Қызылжар ауданы Соколовка ауылында 23-ші сәуірде жер үйде болған өрттен бір адам күйік алды. Қазір ол қалалық көпбейінді ауруханада, ауыр халде жатыр, деп жазады Qazaqstan media тлшісі.
Соколовка ауылындағы өрт күндізгі сағат бес шамасында болған. Жеке тұрғын үйдің 60 шаршы метрінде от жайылып, құтқарушылар күйік алған бір ер адамды алып шықты. Оның жағдайын дәрігерлер «ауыр» деп бағалап отыр.
«61 жастағы ер адамның басы, мойыны, денесін күйік шалған. Газдан уланған. Жағдайы тұрақты емес. Ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылды»,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер қызыл жалын ішінен бір газ баллонын да алып шығыпты. Жалын сағат 18:12 минутта толық сөндірілген. Әзірге оттың неден шыққаны анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 62 жастағы азаматтың сөмкесімен бірге 4,7 миллион теңгесі ұрланды