СҚО-да квадроцикл аударылып, төрт жасар бала қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам квадроциклді басқара алмай, аударылып қалды. Салдарынан төрт жасар жолаушы қаза тапты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған. 56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында POLARIS маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Жол — көлік оқиғасы салдарынан 4 жасар бала (жолаушы) орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханада ем қабылдап жатыр.

«ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 80 жастағы қарияны «ГАЗель» көлігі қағып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x