Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі саудасына қатысы бар деген 26 жастағы петропавлдықты ұстады. Ол интернет-дүкен арқылы қара бизнесін жүргізіп келген,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Күдіктіні ұстау кезінде одан 64 капсула гашиш майы тәркіленген. Тергеу барысында оның тұрғылықты мекенжайында тағы 91 капсула, сонымен қатар шприц пен дәл сол зат құйылған пластик бөтелке анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 516 граммды құрайды.

СҚО-да «куратор» болған деген күдікпен есірткі сатқан азамат қолға түсті
СҚО-да «куратор» болған деген күдікпен есірткі сатқан азамат қолға түсті

Қазіргі уақытта күдіктінің психотроптық заттарды сату желісін ұйымдастыруға қатысы тексерілуде. Алдын ала деректер бойынша, ол тек ірі партияларды қабылдап, «жасырын орындарға» қойып қана қоймай, Қазақстанның әртүрлі қалаларында жұмыс істеген желіні бақылаған «куратор» болуы мүмкін.

Күдіктінің әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері СҚО-да заңсыз айналымнан 771 килограммнан астам әртүрлі есірткі заттары алынды, оның ішінде 5,7 килограмм синтетикалық заттар.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт суицид жасамақ болған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *