Алдағы уақытта теріскейлік жастар қазақстандық танымал киноларда ойнауы мүмкін. Петропавлда «JARQYRA» атты республикалық кастингі өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара Қазақ киносының күніне орай ұйымдастырылды. Басты мақсат — талантты жастардың қабілетін ашу. Іріктеудің ерекшелігі — адамдар арнайы бір киноға ғана таңдалып алынбайды. Дараланғандары түрлі түсірілімдерге шақырылатын болады.

«Кастингтен сәтті өткен қатысушылардың деректерді «kazakhcinema.kz» сайтындағы актерлік онлайн-базасына орналастырылады. Кейін болашақта кино түсірілетін болса, продюсерлер мен кинокомпания өкілдері осы базадан қарап, талапқа сай келетін актерлерді таңдап ала алады. Келіп жатқандардың дені — жастар. Көбінесе қаламыздағы театрлардың актерлері көптеп келуде»,- деді СҚО әкімінің креативті экономиканың дамыту жөніндегі кеңесшісі Зәкіржан Мамлютов.
Сіз жаңа ғана үлкен бір сыйлыққа ие болдыңыз, қайғылы хабар келді, сатып кеткен адаммен, керісіп тұрсыз. Міне, қатысушыларға осындай тапсырмалар берілді. Олар аталған жағдайларға тән эмоцияларын көрсетулері қажет.
Жалпы кастингке 100-ден астам үміткер келді. Шара бір уақытта Қазақстанның әр аймағында өтіп жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер жолдағы бақылауды күшейтуде