Жыл басталғалы бері облыста жануарларды серуендету талабын бұзған 191 адам жауапқа тартылып, 213 хаттама толтырылған. Оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемилологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша жыл басталғалы бері 486 адамды ит қапқан. Оның жартысынан астамының иесі бар. Бұл үшін ит иелері жауапқа тартылып, айыппұл арқалайды.
«Тұрғындар көбіне иттерін тұмсыққағарсыз және арнайы баусыз көшелерді серуендетеді. Бұл ережеге сәйкес келмейді. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қалдықтарын да жинамайды. Иттердің адамға шабуыл жасаса да иесі жауапкерпшілікке тартылады», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.
Тағы оқыңыз:Жаңа үйімнің маңына гүл егемін: үйін су басқан Татьяна Геворкян жаңа баспанаға көшті