Жыл басынан бері облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында инсульт диагнозы қойылған 161 адамға ем-дом көрсетілді. Бұл мақсатқа МӘМС шеңберінде 75 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл СҚО-да инсульт алғандардың саны артқан. Былтыр дәл осы уақытта 146 солтүстікқазақстандыққа аталған диагноз қойылған.  

«Инсульт – науқастың мүгедектігіне жиі ықпал ететін ми қан айналымының жедел бұзылуы. Уақытылы емделмесе, патология мидың жұмысын айтарлықтай бұзып, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы диагнозы бар науқастар МӘМС аясында ем қабылдай алады. Былтыр 2035 науқас емделді. Осы мақсатқа 769 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды», — дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

Инсульт диагнозы қойылғандар өңірдің үш емдеу мекемесінде сапалы медициналық көмек ала алады. Олардың қатарында, Тайынша аудандық ауруханасы, көпбейінді облыстық және көпбейінді қалалық ауруханалар бар.

Биыл көпбейінді облыстық аурухананың инсульт орталығында мұндай диагноз 77 адамға қойылды. МӘМС жүйесі бойынша оларға жоспарлы медициналық көмек көрсетілді.

«Инсульт алған адамдарда сөйлеу қабілеті мен жұту рефлексі бұзылады. Айта кету керек, сөйлеу – бұл адамның ең жоғары психикалық функциясы. Оны қалпына келтіру күрделі және ұзақ процесс. Біз пациентті оңалту аясында осы функцияны қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Зақымдану ошағына байланысты сөйлеу 6 айдан бір жылға дейін қалыпқа келуі мүмкін», — деп түсіндірді көпбейінді облыстық аурахананың инсульт орталығының медициналық логопеді Евгения Зенченко.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық оқушылар Б. Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіндегі квестке қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *