2013 жылдың 22 қарашасынан бері елімізде «Еңбек күні» аталып өтіледі. Қыркүйек айының соңғы жексенбісі болып белгіленген дата қарсаңында Петропавлда аталған салада жұмыс істеген мамандар марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов қатысты. Шарада құрметке бөленгендердің бірі — Күлзира Омарова. Нәзікжанды қазіргі таңда зейнетке шықса да Онтүстік Орал теміржолының Петропавл бөлімшесінде инкассатор болып еңбек етеді. Нәзікжанды бұл қызметте жұмыс істеп жүргеніне 40-жылдан асқан.
«18 жасымнан станцияда еңбек етіп келемін. 40 жыл ішінде түрлі қызметте істедім. Кассада билет саттым, багаж бөлімінде де болдым. Жұмыстың оңайы жоқ. Кез келген жерде қойылатын басты талап — жауапкершілік пен өз ісіне деген махаббат деп ойлаймын. Осы салада еңбек еткеніме ешқашан өкінген емеспін», — деді Күлзира Омарова.
Салтанатты шарада «Еңбек жолы» байқауында үздік атанғандар марапатталды. Жыл сайын ұйымдастырылатын сайысқа теріскейден 26 адам қатысты. Байқауда «Үздік еңбек әулеті» аталымында Тимирязев ауданынан Зуевтар жанұясы жеңімпаз атанды. Отбасы мүшелерінің еңбек саласындағы өтілі 100 жылдан асып жығылады.
«Ұлым екеуміз орақ науқанында «КамАЗ» тізгіндейміз. Өзімнің осы салада еңбек етіп жүргеніме 40 жылдан асты. Жұмыс оңай емес. Әсіресе, науқан кезінде уақыт тіпті тапшы болады. Бүгінгі жиынға жалғыз келуімнің себебі де осы», — деді отағасы Валерий Зуев.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жастарды еңбекке баулитын форум өтті