Бүгін өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұханбетовтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өтті. Онда аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз болды. СҚО-да биыл ет өндірісі 4,4 пайызға азайған, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 37,1 млрд жеткен. Ал мал шаруашылығы өнімінің көлемі 3,5 пайызға өсіпті. Сүт өндіру 12,6, жұмыртқа 7,8 пайызға артқан.
«Өңірлердегі статистикалық деректерді қайта есептеуге байланысты бірқатар ауданда ет өндірісі төмендеп кеткен. Атап өтер болсақ, Мамлют ауданында 16,4% Қызылжарда 16,2%, Уәлихановта 10%, Айыртау ауданында 11,1%, Жамбылда 9,9%, Тайыншада 4,7 пайызға, Ақжар ауданында 1,1%, М. Жұмабаевта 1,9 пайызға азайған», — деді облыстық экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов
Облыс әкімі жарты жылдықтың соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттыруды тапсырды. Ал тапсырманы тапсырманы орындай алмаған әкімдерге тәртіптік жаза қолданылатын болады.
Тағы оқыңыз:Корнеевка ауылының тұрғындары екі тонна қоқыс жинады