Солтүстік Қазақстанда ерте темір дәуіріне жататын қорған табылды. Сақ тайпаларына тиесілі мекен Солнечный-2 ықшам ауданында орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров өзінің Facebook-тегі парақшасында ерекше жазба жариялады. Онда Солнечный-2 ықшам ауданында инженерлік- коммуникациялық желілерді жүргізу яғни, қазба жұмыстары кезінде Есіл өзенінің маңайында ерте темір дәуіріне жататын қорғанның табылғаны жазылған. Археолог мамандар тарихи деректің сақ тайпаларына тиесілі екенін анықтаған.
«Қазіргі уақытта археология институты қазба жұмыстарын жүргізуде. Мамандар біздің өңірде мұндай жерлеу орындары көп екенін айтты. Олардың көбі әлі зерттелмеген. Тәжірибелі археологтар үшін тарихи орындардың табылуы – үйреншікті жұмыс. Шыны керек, мен үшін үлкен жаңалық болды. Барлығын өз көзіммен көрдім», — деп жазды Әділбек Әубәкіров.
Тағы оқыңыз: Бензин мен дизельді экспорттауға салынған тыйым тағы ұзартылды