СҚО-да жантүршігерлік оқиға орын алды. Ер адам ауылдасымен ішімдік ішіп, артынан қасақана үйін өртеп кеткен. Салдарынан қатты күйік алған баспана иесі, әйел көз жұмды, хабарлайды Qazaqstan Media.
Келеңсіз оқиға Аққайың ауданы Черкасское ауылында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, үй иесі қонақтарымен бірге ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал шыққан.
35 жастағы ызақор ер адам пештің жанында жанғыш сұйықтықты шаша салған. Соның салдарынан өрт тұтанған. Баспана ішінде болған төрт адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді. 10 желтоқсанда үй иесі,әйел алған күйіктердің салдарынан көз жұмды.
«Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою, соның салдарынан адамның өліміне әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында оқиғаға қатысқан әр адамның іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қазір ауруханада ем қабылдап жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да элеваторлар астықты әртүрлі бағада қабылдаған

