Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде төбелес болып, ер адам 25 жастағы жігітті тырнауышпен ұрып жіберген, деп жазады Qazaqstan Media.
Аталған оқиға төртінші мамыр күні Тайынша ауанында болған. Ауылдардың бірінде екі жігіт жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Сол сәтте 39 жастағы күдікті 25 жастағы азаматты тырнауышпен жарақаттаған.
«Тергеу барысында оқиғаның жеке үй ауласында болғаны анықталды. Төбелесте бір адам жарақат алды. Сараптама күдікті сау болғанын, ал жәбірленуші орта дәрежедегі мас күйде болғанын көрсетті», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталымш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Toyota автокөлігінен тіркелмеген ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы табылды