Солтүстік Қазақстан облысында биыл да су тасқыны болады деген болжам бар. Сондықтан жауапты органдар дайындықты пысықтап жатыр. Табиғат тосын мінез көрсетсе түрлі саладан 1904 маман мен 1347 техника әзір екен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

2024 жылдың су тасқыны барлығына сабақ болған сыңайлы. Биыл жауапты мамандар қауырт маусымға дайындықты ерте бастаған. Бүгіндері полиция, ұлттық ұлан мен құтқарушылар, жергілікті билік өкілдерінен арнайы жедел топ құрылған. Мотопомпа, жүзу құралдары бар 1347 техника әзір тұр. 28 мың тоннаға жуық инертті материал дайын. 130,5 тонна жанар-жағармай бар.

«Облыс бойынша 116 елді мекенді су басу қаупі бар. Ондағы халықты эвакуациялайтын болсақ, 249 орынды дайындап қойдық. Оған 17 мыңға жуық адам сияды. Төтенше жағдайлар департаментінде өтімділігі жоғары 22 техника бар. Олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде қолданылады.
Мамандар өзен-көлдердегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырады. Ондағы мұз жару жұмыстары да қадағалауымызда. Қырдан келетін суды да ескеріп отырмыз. Ауылдардан 650 мың текше метр қар шығарылды», — деп баяндады СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз: Петропавлда муай-тайдан ел чемпионаты өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *