СҚО-да екі жасөспірімнің қалай суға батқаны белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылыныда тоғызыншы шілде күні суға батқан екі жасөспірім бір-біріне туыс болып шықты. 12 жастағы бала біздің облысқа Қарағандыдан қонаққа келген екен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жасөспірімдер суға шомылған жерде демалуға тыйым салынған. Бірақ, оны жастар елемейтін көрінеді. Қайғылы оқиға орын алатын күні ағайынды екі бала аталмыш жерге шомылуға келеді. Сол кезде болған куәгерлдердің айтуынша, алдымен суға 12 жастағы інісі бата бастаған. Ол сүңгіп кетіп, су бетіне шықпаған. Кейін оны құтқарамын деп 15 жастағы жасөспірім жанталасады. Алайда, екеуі де судан шыға алмай қалады. Өзгелер құтқарушыларды көмекке шақырғанымен, олар келгенше бәрі кеш еді.

«Құтқарушылар балалардың денесін 1-2 сағаттың ішінде тауып алды. Қазір оқиға болған орын жабық тұр. Бұған дейін аталмыш жерде рейдтер жүргізілді. Кейбір азаматтарға айыппұл да салынды. Бірақ көпшілік ескертуге құлақ аса бермейді дейді»,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ветеринариялық станцияларға жаңа  көліктердің кілті табысталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x