Петропавл – Астана тас жолында екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жол апаты желтоқсанның 22-сі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында болған. Петропавл – Астана тас жолында Volkswagen Passat және Daewoo Nexia автокөліктері соқтығысып, алғашқы көліктің 44 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алған.

«Екінші көлікте болған тағы бір адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындап, процестік шешім қабылдау үшін полиция қызметкерлері материалдар жинап жатыр», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда құтқарушылар оттан екі газ баллонын алып шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *