СҚО-да екі дүркін әлем чемпионы шыққан ауылда жол жоқ

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының тумасы, жастар арасында еркін күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы Ризабек Айтмұқанның туған ауылында жол жоқ. Оның жерлестері облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтен осы мәселені тездетіп шешіп беруді сұрап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Ризабек Айтмұқан Испанияда жастар чемпионатында  еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Осылайша ол екі дүркін чемпион атанды. Оны бұл айтулы жеңісімен әлемуетітк желіде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, жазба қалдырған болатын. Осы жазбаның астында қалдырылған пікірлердің бірінде Нұрлан Кәрімов есімді оқырман, чемпион туған ауылда жол мәселесі өзекті екендігін жазған. Ол өңір басшысынан аталмыш проблеманы шешуді сұрап отыр.

«Ғауез Торсанұлы, Дәуіт-Талшық-Қызылту-Чернигов-Ақтүейсай-Бидайық ауылдарын РФ байланыстыратын республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Еркін күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы Ризабектің туған ауылы Кішкенекөлге баратын (Қызылтуға) жол мүлдем жоқ. Жолдың болмауына байланысты шекара маңындағы ауылдардың тұрғындары көшіп жатыр. Егер осылай жалғаса берсе, шекара маңындағы ауылдар 2-3 жылдан кейін жабылып қалуы мүмкін. Сондықтан осы жол учаскесінің жөндеу жұмыстарын тікелей өз бақылауынызға алуды сұраймын. Қарапайым халық жолдың жоқтығынан қиыншылық көруде», — деп жазылған әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда міндетті әскери қызметті жою туралы петиция пайда болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x