Солтүстікқазақстандық дәрігерлер өмір мен өлім арасында болған зейнеткерді құтқарды. Айта кету керек, ота МӘМС аясында жасалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Көпсалалы қалалық ауруханасына науқас белі айнала ауырсынған, ауыздың құрғауы мен жүрек айнуына шағымданып келген. Ол бірнеше күн бойы өзін жайсыз сезінгеніне қарамастан, дәрігерге қаралмаған. Жағдайы нашарлаған соң ғана жедел жәрдем бригадасын шақыртқан.

Медициналық мекеменің мәліметінше, науқасқа мұқият тексеру жүргізілді, РХПГ жасалды. Нәтижесінде өт жолының бітелуі диагнозы қойылды. Аталған мәселені шешу үшін операцияны эндоскопиялық әдіспен жасау туралы шешім қабылданды.

Айта кету керек, науқас — 89 жаста. Жалпы нархозбен өт жолындағы тастарды эндоскопиялық жолмен алу – өмірге аса қауіпті. Соған қарамастан, хирург-дәрігерлер ота жасауға шешім қабылдады.

«Ота сәтті өтті. Бірнеше күннен кейін науқас амбулаториялық емін жалғастыру үшін үйіне шығарылды. Операция мен емдеу МӘМС аясында жүргізілді», — деп хабарлады Көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының баспасөз қызметі.

2025 жылы эндоскопиялық папиллосфинктеротомия арқылы 28 науқасқа ота жасалып. Оның жалпы құны шамамен 12 млн теңгені құрады. Оның ішінде 25 операция МӘМС аясында, ал 3-еуі ТМККК пакеті бойынша орындалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкерге заңсыз тексеріс тағайындаған шенеунікке айыппұл салынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *