2025 жылы облыста қызылшамен 70 адам ауырған. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға төмен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қызылшамен ауырған жандардың көбі — Петропавл қаласының тұрғындары. Мұнда аталған вирустың 33 фактісі тіркелген. Уәлиханов ауданында — 14, Қызылжар ауданында — 13 адам вирусты жұқтырған.
Жас ерекшелігі бойынша ең көп жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. 54 жағдай немесе 77,1%.
Қызылша — өте жұқпалы ауру. Қызылшаның алғашқы белгілері: бөртпе және дене қызуы. Иммунитет те төмендейді. Осы белгілер байқалса бірден медициналық мекемеге жүгінген жөн.
«2025 жылы облыста қызылшамен 70 адам ауырған. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға төмен. Негізі алдын ала вакцина алған дұрыс. Қызылшамен ауырсаңыз, асқындырып алмас үшін, медициналық мекемеге барған жөн. Әйтпесе өмірге қауіп төнуі мүмкін», — деді СҚО бойынша санитариялық эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.
Тағы оқыңыз: Балалардың фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді болуы Үкімет отырысында айтылды

