18-ші қарашадағы боран облыстың бірнеше ауылын жарықсыз қалдырды. Тіпті аудан орталықтарында да электр энергиясы жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан»ЭТК» АҚ мәліметінше, боран салдарынан Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Шал ақын, Тимирязев, М. Жұмабаев және Жамбыл аудандарында электр энергиясы үзілген.

«Қазіргі кезде арнайы бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ең күрделі ақау М. Жұмабаев ауданында тіркелген. Аудандық және қалалық мамандар зардап шеккен «ПТЭЦ-2-Булаево-нефть» ВЛ-110кВ тірегінде  апатты жоюда», — делінген АҚ  таратқан хабарламада.

Бүгін электр желілерінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x