Жыл басынан облыста балалардың қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, 64 адам жарақат алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс полицейлері 27 тамыздан бастап «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңін бастады. Мақсаты — мектепке келетін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы уақыт аралығында 648 жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында, полиция қызметкерлері мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанына жақын аумақтарда 283 тексеру өткізіп, 136 акт толтырған. «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Айта кетейк, сегіз айдың қорытындысы бойынша өңір жолдарында балалардың қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал 64 адам жарақат алған.
«Жол ережесін бұзу көбіне көлiк құралдарын белгіленбеген жерге тоқтату, жолдың рұқсат етілмеген жерінен өту сияқты фактілер бойынша тіркеледі. Жалпы, жазғы демалыстан соң ата-аналарға өздерінің балаларымен күн сайын жол қозғалысы ережелерін қатаң және мұқият сақтауын өтініп сұраймыз. Бұл профилактикалық шара әл де жалғасатын болады. Себебі, поицейлердің міндеті бұзушылық фактлері мен, оқыс оқиғаның алдын-алу», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскина.
Тағы оқыңыз:Кез-келген азамат аудан немесе қала әкімі бола алады