Биыл СҚО-да денсаулық сақтау саласына 8,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қолдау саланың дамуына тың серпін берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл облыстың денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алды. Барлығын жіпке тізсек, соңғы жылдары ауылдық жерлерде 46 медициналық пункт қолданысқа берілді. Оның тең жартысын кәсіпкерлер өз қаражатына тұрғызған.

Биыл салаға облыстық бюджеттен 8,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 17 су жаңа санитарлық автокөлік сатып алынды. 28 медициналық мекеме жөндеу көрді.

Сонымен қатар, Петропавл қаласы мен Бескөл ауылында тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында аурухана мен емхана салынуда.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде жаңа жоба жүзеге асады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *