Автокөлік жолдарының жай-күйі халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Биыл облыста 700 шақырымнан астам жол жөнделмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Президент атап өткендей, жол саласын дамыту – бұл тек жаңа жол салу емес, ең алдымен сапа мен қауіпсіздікті арттыру.
Облыстағы автожолдардың жалпы ұзындығы – 8,4 мың шақырымды құрайды. Былтыр өңірде 1100 шақырымнан астам жол жөнделді. Оның ішінде:
«Жезқазған – Петропавл» – 215 км;
«Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол)» – 30,2 км;
«Көкшетау – Кішкенекөл – РФ шекарасы (Бидайық)» – 50 км;
«Қостанай – Мамлютка» – 64 км.
маңызды транзиттік бағыттар бар.

Автокөлік жолдарының жай-күйі халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Бұл мәселе облыстық әкімдікте өткен отырыста көтерілді.

«Жергілікті жолдардың 89%-ы нормативтік жағдайға жеткізілді. Биыл бұл көрсеткішті 91%-ға дейін арттырамыз. Биыл облыста 727 шақырым жол жөнделмек. Оның 427 шақырымы — республикалық деңгейдегі, 300 шақырым — жергілікті және қалаішілік жолдар. Маңызды жұмысқа барлығы 90 млрд-қа жуық қаржы бөлінеді, деді СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.

Тағы оқыңыз: Жаңа Конституцияны қабылдау республикалық референдумының жоспары бекітілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *