[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/6-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
2022 жылы облысымызда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш биыл да сақталмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өткен жылы өңірде 10600 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 25961 солтүстікқазақстандық тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Бұдан бөлек, 277 жұмыссыз адам қысқа мерзімді оқытудан өтіп, олардың 219-ы жұмысқа орналастырылған. «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы 1700-ден астам адам білім алған. Жалпы былтыр өңірде мемлекеттік бағдарламалар бойынша 688 адамға 824 миллионнан астам теңгенің гранты берілген.
«Қысқа мерзімді оқытудан өткен адамдардың жұмыспен қамтамасыз етілуі — біздің қатаң бақылауымызда. Биыл 400-ге жуық адамды қысқа мерзімді оқытудан өткізу жоспарлануда. Оның 273-і жұмыс берушінің өтініші бойынша. Қазір 74 адам оқуды бастады», — дейді СҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ринат Елжасов.
Басқарма басшысының сөзінше, былтыр өңірге 129 қандас пен 2500-ден астам адам қоныс аударған. Олар үшін бюджеттен 752 млн теңге қаражат бөлінген. Биылғы жоспар да ауқымды. Себебі, солтүстікке қоныс аударушыларға 3,2 млрд теңге бөлініп отыр.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]