СҚО-да жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Науқанның бірінші күні полицейлер жол ережесін бұзған 115 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Профилактикалық шараның алғашқы күні-ақ полиция қызметкерлері бірқатар өрескел құқық бұзушылықтарды анықтады. Таңғы сағат бестің шамасында Мамлютка маңында «Toyota Alphard» көлігі тоқтатылды. Медициналық сараптама нәтижесінде 34 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруды көздейді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Сол күні Петропавл қаласында Жамбыл көшесінде «Toyota Corolla» автокөлігінің жүргізушісі жолаушыларды такси режимінде, яғни қызметін бастау туралы міндетті хабарламасыз тасымалдағаны анықталды. 35 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, оған ірі мөлшерде айыппұл салынды.

«Тасымалдаушы» іс-шарасының алғашқы тәулігінде облыс жолдарында 115 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелген. Оның ішінде: мас күйінде көлік жүргізудің 1 дерегі, заңсыз жолаушы тасымалының 6 фактісі, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың төрт фактісі анықталды. Сонымен қатар, техникалық байқаудан өтпеген 19 көлік, сондай-ақ телефонмен сөйлесу бойынша 26 және қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша 42 құқық бұзушылық анықталған», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Петропавлда өткен спорттық сайыстарға қатысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *