СҚО-да 21-23 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Науқанның алғашқы күнінде 200-ден астам адам әкімшілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.
Шараның басты мақсаты — қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Науқанның алғашқы күні 200-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 22-сі — ұсақ бұзушылық жасаған.
Сондай-ақ полицейлер, көлікті мас күйінде басқарған тоғыз жүргізушіні анықтады. Заңсыз айналымнан тағы сонша атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде екі — ойық ұңғылы және жеті тегіс ұңғылы қару табылды. Сонымен қатар, 84 оқ-дәрі алынды.
«СҚО ПД қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Тұрғындардан заң мен тәртіпке бағынған адам ешқашан құл болмайтынын еске саламыз», — делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген хабарламада.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай облыстық байқау өтті