Облыстық әкімдікте мемлекет басшысының кезекті Жолдауын талқылауы өтті. Әр басқарма басшысы Президент қойған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша баяндамаларын оқып, жоспарларымен бөлісті. Мәселен, білім саласын алсақ, Петропавл қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында әрқайсысы 600 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бүгінде онда 1 500-ге жуық оқушы білім алуда. Заманауи IT-кабинеттер мен зертханалар жасақталған бұл білім ордалары цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті кеңінен енгізуге жол ашты, деп жазады Qazaqstan Media. 

Жаңа мектептердің ашылуы облыс орталығындағы орын тапшылығын азайтып, балалардың жайлы әрі қауіпсіз ортада оқуына мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесін цифрландыру қарқынын арттыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, 2025-2026 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіледі. Сонымен қатар, орта білім беру жүйесінде ЖИ қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Өңірдің информатика пәні мұғалімдері AstanaHub базасында арнайы курстардан өтті. Сондай-ақ, 270-тен астам 10-11-сынып оқушысы онлайн-платформада бағдарламалау және жасанды интеллект негіздерін меңгерді.

СҚО-да білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілуде
СҚО-да білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілуде

«Былтырдан бері іске асырылып келе жатқан өңірлік «AI — USTAZ» жобасы мұғалімдерге инновациялық әдістерді енгізіп, оқу процесін жаңа деңгейге шығаруға жол ашып отыр.

Сонымен қатар, ауыл мектептерін қолдау мақсатында «Qazaq Digital Mektebi» моделі жүзеге асырылуда. 2025 жылдың басынан бері 200-ден астам мұғалім мен 100 директор арнайы оқудан өтті. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 13 тірек мектеп жаңа құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілді.  39 ауылдық мектепке 80 ғылым кабинеті мен STEM-зертхана орнатылды»,- деп баяндады облыстық білім басқармасының басшысы.

Алдағы жылдары облыстық білім беру жүйесі алдында бірқатар міндет тұр. Атап айтқанда, жасанды интеллектті енгізудің бес жылдық тұжырымдамасын бекіту.  Оған қоса, «Келешек мектептерін» цифрлық технологияларды сынақтан өткізу алаңына айналдыру. Сонымен қатар онлайн бағдарламалау курстарын кеңейту, барлық педагогтерді кезең-кезеңімен оқыту көзделген.

Тағы оқыңыз: Наталья Богданова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *