Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың 11-і «Мигрант-2025» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Көбіне шетелдіктер елде болу мерзімін бұзып, заңсыз жұмысқа тартылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында алты мыңнан астам шетелдік азамат тұрады. Оған қоса, төрт мыңнан астам адамның уақытша тұруға рұқсаты бар. Полицейлер көші-қон заңнамасының бұзылуын болдырмау үшін үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Олар базарлар мен құрылыс нысандарын, қосалқы шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер шоғырланып тұратын және еңбек ететін басқа да орындарды тексеруде.

«200-ге жуық шетелдік елде болу мерзімін бұзғаны  үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ 77 облыс тұрғыны шетелдік қонақтарды тіркеу тәртібін уақытында орындамаған. Ал бес жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп жазады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шындықтың беті ашылды: СҚО-да 44 жастағы ер адамды ауылдасы емес, бірге тұрған әйел өлтірген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *