ҚР Туризм және спорт министрлігі республикалық деңгейдегі 46 басым спорт түрін бекітті. Соның негізінде жергілікті басқарма аймақта басымдық берілетін спорт түрлерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО-да басымдық берілетін спорт түрлері анықталды. Тізім жасау барысында мамандар өңірдің климаттық ерекшеліктеріне, инфрақұрылымның жағдайына, материалдық-техникалық базаға ерекше мән берді. Сонымен қатар, спорт мектептерінің болуы мен спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері ескерілді.
Тізімге биатлон, конькимен жүгіру, шайбалы хоккей және шаңғы спорты енгізілді. Ал жазғы спорт түрлерінен бокс, баскетбол, велоспорт, жеңіл атлетика, күрес таңдалды. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында асық ату, бәйге, дәстүрлі садақ, жамбы ату, жекпе-жек, қазақ күресі, кұсбегілік, тоғызқұмалақ пен теңге ілу айрықша қолға алынады.
Ұсынылған ақпарға сүйенсек, өңірде 225 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен айналысады.
Тағы оқыңыз: Қазгидромет: СҚО-да қараша айында жауын-шашын көп түседі