Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлер жүргізушілерді Жаңа жылмен ерекше құттықтады. Олар Аяз ата мен Ақшақардың костюмін киіп жол қозғалысы ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаңа жыл қарсаңында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылар үшін профилактикалық акция өткізді. Аяз Ата мен Ақшақардың костюмдерін киген взвод командирі Нұрбек Байлин мен техник Вера Остроглядова автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Олар тұрғындарға тәтті сыйлықтар да берді.
«Профилактикалық акцияның негізгі мақсаты — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға шақыру. 2023 жылдың 11 айында облыс орталығында 201 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 231 адам жарақат алып, екі адам қаза тапты. Жыл басынан бері жеке құраммен түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3750-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді Петропавл қалалық ПБ ППБ командирі Қанат Әлімжанов.
Тағы оқыңыз: Антикор спорт саласында тексеріс жүргізеді