Солтүстік Қазақатанда мал санағы басталды. Қазір Мамлют ауданы Новомихайловка ауылында ауыл шаруашылығы санағы жүргізіліп жатыр. Qazaqstan Media тілшісі аталған елді мекенде болып, жұмыс барысымен танысты.
«Новомихайловка 2003» серіктесттігінде мал шаруашылығы оң жолға қойылған. 700 қазақтың ақ бас сиырын, 200 жылқы мен 300-ге жуық Шопан ата төлін ұстайды. Мұның барлығына жұмыс күші қажет. Шаруашылықта 140-тан астам қызметкер бар.
«Ауыл шаруашылығы санағы елге қажет. Есеп-қисап жаңашылдықтарды өмірге әкеледі. Мал басын шаруашылығының нақты жағдайын білетін боламыз. Бәрі ашық болады», -деді Вячеслав Щёголев.
Санақ тамыз айының 1-ші жұлдызынан 31-іне дейін онлайн түрде жүргізіледі. Нивомихайловка ауылдық округінің ғимаратында тұрғындар мен кәсіпорын өкілдеріне арналған ноутбуктар қойылған. Мұнда кез келген адам келіп, өздеріне бар малдың санын “sanaq.gov.kz” сайтына енгізе алады.
«Мамлют ауданында барлығы 77 серіктестік пен 190-ға жуық жеке кәсіпкерлік бар. Олар сайтқа өздерінде бар мал түрін және оның санын енгізу қажет. Тіпті, техникалары да түгенделуі тиіс. Бұл жалғыз кәсіпорындарынға арналған талап емес. Қарапайым ауыл тұрғындары да санаққа қатысуы тиіс», — деді Мамлют аудандық статистика басқармасының басшысы Дмитрий Мамыкин.
Новомихайловка ауылында 290-ға жуық үй бар. 700-ге жуық адам тұрады. Ауыл шаруашылығы санағы саладағы өзекті мәселелерді шешуге, дұрыс қаржы бағыттауға, бір сөзбен айтқанда, қарқынды дамуға зор септігін тигізеді.
Тағы оқыңыз: СҚО аудандарында жаңа инвестициялық субзоналар ашылады